IPho-ның бразилиялық қатысушысы: Қазақстан өзінің бай мәдени мұрасымен және дәстүрімен әсер етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарқынды дамуы және ерекше архитектурасынан бөлек, Қазақстан өзінің бай мәдени мұрасымен, дәстүрімен әсер етті. Астанадағы физикадан 45-ші Халықаралық олипиадаға (IРho) Бразилияның атынан келген Даниел Мицутани ҚазАқпарат тілшісімен өз әсерімен бөлісті.
Бразилиядан келген қатысушының айтуынша, IРho-ға қатысу оған және басқа да қатысушыларға Қазақстан туралы тереңірек білуге мүмкіндік берді.
«Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуының арқасында барлық қатысушылар Қазақстанның астанасының әсемдігін сезіне алды», - деді ол.
«Қаладағы әсем ғимараттардың ішінде маған Бейбітшілік пен келісімшарт сарайы және Астананың символы Бәйтерек қатты ұнады. Олардың архитектурасы айрықша әсер етті», - деп қосты Д.Митцутани.
Жас бразилиялық қатысушыға сонымен қатар түрлі дәстүрлі аспаптарда ойналған қазақтың ұлттық музыкасы да ұнапты.
«Мен қазақ халқының салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға тағы да келгім келеді», - деді бразилиялық қонақ.