iPhone 4S саудаға түсті
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Австралияда смартфон iPhone 4S Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:00-де саудаға түсті,
деп хабарлайды Лента.ру Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі iPhone 4S, Apple телефонының ең танымал үлгідегі легі АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, тағы да басқа елдерде сатыла бастады.
Айдың аяғында сату аймағы Еуропаның үлкен бөлігін алып жатқан тағы да ондаған мемлекетке кеңеюі мүмкін. iPhone 4S үшін ресми сауданың басталуы Ресейде әзірге айтылмай отыр.
Алғашқы бір тәулікте қанша смартфон сатылатыны Apple басшылығында әзірге айтылған жоқ. Сондықтан iPhone 4S сұраным мөлшері туралы айту қиындау болатын сияқты.