iPhone 5 таза алтыннан құйылады
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда iPhone 5 смартфонының 50 данасы саудаға алтынмен апталып шығатын болды.
Amosu Luxury зергерлік үйі оларды гауһар тастармен безендіруді де жоспарлап отыр.
«Маяк» радиосының хабарлауынша, ерекше iPhone 5-тердің 25-інің корпусы - таза ақ алтыннан, қалған жартысы таза сары алтыннан құйылады. Әр құрылғы 815 түйір гауһар таспен бедерленеді. Мұндай бағалы смартфонның әрқайсысының құны 15 мың фунт стерлингі (24 мың доллар) болады. iPhone 5 - Apple-нің дизайнер Джонатан Айв құрастырған өнімі, iPhone смартфондарының алтыншы ұрпағы. iOS 6 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін ақылды құрылғы екі ай бұрын Сан-Францискода таныстырылып, кейін Австралияда алғаш рет саудаға шығарылды.