iPhone 6 смартфонын алуға ниеттілер екі апта бұрын Нью-Йоркте кезекке тұра бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - iPhone 6 смартфонының жаппай сатылымына екі апта және оның ресми таныстырылымына әлі бірнеше күн бар болса да, Нью-Йоркте Apple компаниясының фирмалық дүкенінің алдында жаңа смартфонды бірінші болып сатып алуға ниеттілердің кезегі тізіле бастады.

iPhone 6 смартфонын алуға ниеттілер екі апта бұрын Нью-Йоркте кезекке тұра бастады

Жаңа құрылғының параметрлері әзірге нақты белгілі емес. ВВС-дің жазуынша, ресми таныстырылым 9 қыркүйекке белгіленсе, ал оның сатылымы 19 қыркүйекте жүзеге асырылады деп күтілуде.

Алайда компанияның Нью-Йорктегі бас дүкенінің маңында бірнеше адам кезек алып, ол жерге шатыр құрып, қаптөсектерін алып келген екен.