iPhone 7 мен Galaxу S6 арасында қандай ұқсастық болады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы шығаратын келесі айфон түрінің пішіні туралы түрлі ақпарат таралуда. Мәліметтерге сенсек, iPhone 7 смартфонының экраны майысқақ болады. Бұл дизайн Samsung компаниясының Galaxу S6 Edge құрылғысыныкімен бірдей деген сөз.
Технологиялар саласындағы сарапшылардың айтуынша, Apple телефонның мөлшерін ұлғайтпастан, экранын кеңейтуді жөн көрген. Бұл смартфонның майысқан шеттері қосымша функция үшін пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа құрылғыда музыка тыңдауға арналған құлаққапты жалғайтын саңылау болмайды. Осының арқасында iPhone 7 смартфонының корпусы өте жіңішке етіп шығарылады, деп жазады planet-today.ru-ға сілтемемен 24.kz.