IPhone 7 смартфонының алдыңғы нұсқаларынан басты артықшылығы мәлім болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзде шығатын iPhone 7 смартфонының алдыңғы нұсқаларынан басты артықшылығы мәлім болды, деп жазады planet-today.ru.
KGI Securities-тің бас сарапшысы Мин Чи Куоның сөзіне сенер болсақ, iPhone 7 смартфонының екі камерасы болады. Алайда ол тек 5,5-дюймді нұсқасына орнатылмақ. 4,7-дюймдік нұсқасында тек бір ғана камера болмақ.
Сондай-ақ, Apple бұл смартфонның екі түрін бірден шығарады деген де сыбыс бар. Яғни, бірінше түрінен небары 100 долларға ғана бағасы қымбат iPhone 7 Plus көпшілікке жол тартуы бек мүмкін.
Ал шын мәнінде қалай болатынын тек биыл күзде ғана біле алатын боламыз.