iPhone 7 смартфонының қабын енді ашқыш пен тұтатқыш ретінде де пайдалануға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың смартфонға тұтандырғыш, жылытқыш пеш немесе ашқыш құрал жетіспейді деген қалжыңы шынға айналды. Телефон қабын өндіруші ZVE компаниясы осы ұсыныстарды ескере отырып, соққыға төтеп бере алатын iPhone 7 смартфонының қабын шығарды. 
None
None

Оның электр тұтатқышы мен шөлмектің қақпағын ашатын құрылғысы бар. Басқа айтқанда, жаңа айфонның қабында қала азаматына керектінің барлығы бар.

Қаптың 540 темекіні тұтатуға қауқары жететін жеке батареясы қарастырылған. Ол Lightning сымы арқылы 1,6 сағатта толықтай қуатталады. Қапта жылжымалы сыра ашқыш орнатылған.

АҚШ-та осы қаптар жеңілдікпен $20-ға сатылуда. Оның толық бағасы - $50-ды құрайды.

Соңғы жаңалықтар