iPhone-нің келесі буыны төңкеріс жасамақ
Атап айтқанда, олар ауаның ылғалдылығы, атмосфераның қысымы деңгейін және температураны сенсорлардың көмегімен өлшей алатын болады. Бұл туралы Apple берген патенттерден белгілі болды.
Бірінші патентте атмосфералық өлшеуіштер iPhone-ге, iPad-қа және «қол сағаттарға» ықпалдастырылуы мүмкін екендігі баяндалады - бұл алдағы уақытта iWatch шығуынан хабар берсе керек. Тағы бір патентте сенсор «айфонға» пайдаланушының айналасындағы жағдайды аппаратқа қосылған микрофонның дыбысы арқылы талдауға мүмкіндік беретіні айтылған.
Ал енді тағы бір патентте смартфон түймесі саусақтар таңбасы арқылы онымен байланысқа кіретін материал туралы ақпаратты өңдейтіні айтылады. Мұндай материалдар, мәселен, адамның саусағы (оның температурасын анықтау үшін) немесе ауа болуы мүмкін.