iPhone жаппай хакерлік шабуылға ұшырауы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Telegram негізін қалаушы Павел Дуров iOS операциялық жүйесінің ескірген нұсқаларын қолданатын iPhone пайдаланушыларына кең ауқымды хакерлік шабуылдар жасалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Kazinform.
Дуровтың айтуынша, операциялық жүйенің соңғы нұсқасынан сәл артта қалудың өзі пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
— iPhone пайдаланушылары жаппай хакерлік шабуылдардың нысанасына айналып отыр. Егер сіздің iOS нұсқаңыз тіпті сәл ескірген болса да, барлық деректеріңізге қауіп төніп тұр. Жай ғана сайтты ашудың өзі хакерлік шабуылдар үшін жеткілікті болуы мүмкін, — деп жазды Дуров өзінің Telegram арнасында.
Ол сондай-ақ Telegram ескі iOS нұсқасын қолданатын барлық пайдаланушыға ескертулер жіберіп жатқанын хабарлады.
Дегенмен, Дуров операциялық жүйенің нақты қай нұсқалары қауіпті екенін ашып айтпады, неше пайдаланушы зардап шеккені туралы туралы ақпарат бермеді.
Apple бұған дейін iOS операциялық жүйесінің осал тұстары анықталғанын мәлімдеп, оларды жою үшін қауіпсіздікті жаңартатынын жариялаған.
Бірақ Apple компаниясы Дуровтың iPhone-ға жаппай хакерлік шабуылдар туралы мәлімдемесіне қатысты әлі ресми пікір білдірген жоқ.
Apple бұған дейін тұтынушылардың шағымдарынан кейін iPhone Duo экрандарында мәселе болғанын мойындаған.