Ипотека өсімі тоқтады деген шындыққа сай келмейді - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарашаға дейініг ипотека өсімі 30 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуал туралы баспасөз мәслихатында айтты.
«Ипотека өсімі тоқтады деген шындыққа сай келмейді. Бұл - қалыпты баға белгілеу. Дағдарысқа дейін ол 80-100 пайызды құраған болатын. Ипотекалық серпіліс дамыған АҚШ-тың өзін қандай тығырыққа тірегені баршаға аян», - дейді Қ.Келімбетов.
Төрағаның айтуынша, оны екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қаржы құралдарын тартуымен байланыстыруы да шындыққа сай келмейді. Олар бұған дейін де сырттан тек 6, 12 айлық қысқа мерзімді қаржы құралдарын тартып келді. Мәселе олардың шетелде өз сенімділігін мойындатуына байланысты. Ипотека ала алатын табысы жоғары адамдар қазір де алып жатыр. Ал бүкіл халықтың баспана мәселесін тек ипотекамен шешуге мүмкіндігі жоқ. Олар бұл мәселені әлеуметтік жағдайына байланысты өзге бағдарламалар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.