Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарайтын Комиссия құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға қатысты құжаттары қабылданбаған қарыз алушылардың шағымдарын қарайтын арнайы Комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу мақсатында Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру Бағдарламасын қабылдаған болатын. Ол Ұлттық банк Басқармасының 2015 жылдың 24-ші сәуіріндегі нөмірі №69-шы қаулысымен бекітілді», - делінген хабарламада.

Бағдарламаны жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкімдіктерде, Астана қаласының әкімдігінде және ҚР Ұлттық банкінің Алматы қалалық және облыстық филиалдарында арнайы Комиссиялар құрылды. Олардың құрамына Ұлттық банктің, құқық қорғау органдары мен ипотекалық қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.

«Аталмыш Бағдарламаның шартына сәйкес, егер ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша ұсынылған құжаттар қабылданбай тасталса, банк 3 жұмыс күні ішінде қарыз алушыға қабылдамау себептерін түсіндіріп хат жолдайды, сондай-ақ онда қарыз алушылардың арыз-шағымын қарайтын Комиссия туралы да ақпарат жазылады», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бағдарлама аясында ипотекалық қарызын қайта қаржыландыру үшін тапсырған құжаттары өтпей қалған қарыз арушылар мына мекенжайлар бойынша Комиссияға жүгіне алады:

Алматы қаласы, Панфилов көшесі 98. Байланыс телефондары: 8(7272) 443-678, 443-670, 443-679, факс 443-621;

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11. Байланыс телефондары: 8(7172) 55 -64-48;

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі 58/64. Байланыс телефоны: 8(7282) 24-00-55;

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 214. Байланыс телефоны: 8(7162) 2507-25;

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40. Байланыс теелфондары: 8(7132) 56- 04- 52, 54- 15- 91, 56- 36 -58;

Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77. Байланыс телефоны: 8(7122) 27-09-32;

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40. Байланыс телефоны: 8 (7232)26-44-95;

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі 125. Байланыс телефоны:

8 (7262) 43-08-05;

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы 179. Байланыс телефоны: 8 (7112) 512772;

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, нөмірі №1-ші құрылым. Байланыс телефондары: 8(7242) 60-54-21,60-54-23,60-54-32;

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 13, 123-ші кеңсе. Байланыс телефоны: 8 (7212) 41-14-86;

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы 65, 606-шы кабинет. Байланыс телефондары: 8(7142) 575-416, 575-412, факс 575-411,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-ші ықшам аудан, облыстық әкімдік. Байланыс телефоны: 8(7292) 43-49-35;

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі 49, 1-ші қабат, нөмірі №113-ші кіші зал. Байланыс телефоны: 8 (7182) 323031;

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 58. Байланыс телефоны: 8(7152) 46-06-09;

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі 6. Байланыс телефоны: 8-775 7508970.

Соңғы жаңалықтар