Ипотекалық несиелендіру мен шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін қайта қарау қажет - Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ипотекалық несиелендіру мен шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін қайта қарастырып шығу қажет.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен бүгін министрлікпен бірлесе «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына және біздің жүйе құраушы төрт банктермен жаңа жағдайда пайыздық мөлшерді қарастыру үшін, сондай-ақ ішкі өндірістің дамуын ынталандыру бағытында ипотекалық несиелендіру мен шағын және орта бизнесті несиелендіру мәселелерін қайта қарастырып шығуды тапсырамын», - деді К. Мәсімов. 2009 жылдың басты мәселесі - халықты еңбекпен қамту шараларын жүзеге асыру деп тоқталған Премьер-Министр, қабылданған шаралардың барлығы жұмыссыздықты болдырмау тұрғысында қарастырылғанын, сондай-ақ әкімдерден жұмыссыздыққа жол бермеу мәселесі талап етілетінін атап өтті. Үкімет басшысы қазіргі кезде салынып жатқан ауруханалар мен мектептердің құрылысын аяқтауды тапсырды. Ал құрылысы басталмаған нысандар бойынша биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды саралау керектігін айтты.
Соңғы жаңалықтар