18:05, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Ирак аңшылары аяғына сақина салынған ителгіні бостандыққа жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракқа ұшып келген ресейлік ителгінің тарихы көңіл қуантарлыықтай болып аяқталды. Жаңа жыл алдында аңшы -бәдәуилер орнитологтардың өтінішіне құлақ асып, аяғына сақина салынған құсты бостандыққа жіберді.

Әдетте, Таяу Шығыс тұрғындары үшін аспанда ителгіні көру -үлкен сәттілік. Бұл өлкеде жыртқыш құстар жылына бір рет, онда да тек қыстауға келеді. Ал мұнда оларға деген сұраныс өте жоғары. Әр қыран құсты базарда бірнеше мың долларға сатуға болады.
Содан да болар, көптеген арабтар тіпті аяғына сақина салынған құстарды да аулауға тырысады.
Бостандыққа жіберілген өздерінің ителгісі туралы Ямаланың ғалымдары да естіді. Жаңажылдық сыйлыққа құстың өзі ғана емес, оны өсіргендер де ие болды, дейді қуанған орнитологтар.
Ителгі небәрі 12 айлық, ал сақинаны аяғына жақында ғана салған. Ол мұнда қыстап шыққаннан соң отанына оралады деп күтілуде.