Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ирак әскері алғаш рет Мосулға басып кірді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат -   Ирактың элиталық әскери бөлімшесі алғаш рет Мосул қаласының шығыс бөлігіне басып кірді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ирактық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ирак әскері алғаш рет Мосулға басып кірді

Контртеррорлық штаб баспасөз  хатшысы Сабаха әл-Нуманның айтуынша, бөлімше түнгі уақытта Тигр өзеніне өтіп,  «Ислам мемлекеті» содырларын Мутанна ауданына шегіндірді.

 «Арнайы жабдық пен тосын әрекет элементін пайдаландық, қарсылас түнгі уақытта шабуылдайды деп  күтпеді, алдыңғы шабуылдардың барлығы күндізгі уақытта болған», - деді Әл-Нуман.

Алдын ала АҚШ әскери ұшақтары ИМ нысандары бойынша әуеден 19 рет соққы жасады. Салдарынан ондаған содыр қайтыс болды, деді Ирак әскерінің өкілі.

Осы аптада Ирактың екінші ірі қаласы - Мосулды «ИМ» содырларынан азат ету бойынша 12 апталық науқанның екінші фазасы басталды.

100 мыңдаған Ирак әскері мен Күрд қауіпсіздік күшінің қатысуымен ұйымдастырған операцияға қарамастан, ИМ кескілескен қарсылық танытуда.

Содырлар әскер нысандарын зақымдап, снайпер, жанкешті лаңкестерді пайдалануда. «Жанды қалқан» ретінде қорғану үшін Мосулдың бейбіт тұрғындарын пайдалануда.