20:49, 31 Тамыз 2014 | GMT +5
Ирак әскері «Ислам халифаты» жауынгерлерінен Әмірлі қаласын азат етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың әскерилері елдің солтүстігіндегі Әмірлі қаласын «Ислам халифаты» жауынгерлерінен азат етті, деп жазады Reuters.

Агенттіктің Ирак генерал-лейтенанты Кассима аль-Муссавиге сілтемемен хабарлауынша, қазіргі уақытта елдің әскерилері қаланы өз бақылауына алды. Сондай-ақ, жергілікті саясаткер Фавзи Акрам аль-Тарзи де осы мәліметті растап отыр. Ол, сондай-ақ, тұрғындарға гуманитарлық көмек те беріле бастағанын хабарлады.
Диял провинциясының Әмірлі шаһары тұрғындарының негізгі бөлігін түркімендер құрайды. Олар соңғы екі ай бойы су мен азық-түліктен тапшылық көрген. Елдің қарулы күштері бұған дейін бірнеше мәрте қаланы азат етуге талпынғанымен әрекеттері сәтсіз аяқталған. Сондықтан олар тек ұшақпен гуманитарлық көмек тастаумен шектеліп келген.