Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ирак астанасында қатарынан үш жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдатта 3 бірдей жарылыс болды. Салдарынан 20-дан астам адам ажал құшып, тағы 50-і түрлі дәрежеде дене жарақатын алған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ирак астанасында қатарынан үш жарылыс болды

Алдымен көлікке қойылған жарылғыш базарда іске қосылған. Араға бірер минут салып шаһардың өзге ауданында осыған ұқсас жағдай болды. Көп ұзамай Бағдаттың шығысында да лаңкестік әрекет жасалды. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған.