Ирак билігі елде Facebook-ті жауып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак билігі Facebook әлеуметтік желіге кіруді шектеді. "Аль-Арабия" телеарнасы хабарлағандай, бұндай қадамға билік елде қалыптасқан жағдайға байланысты барған, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Кувейт ақпарат агенттігінің (КУНА) хабарлауынша, Ирактың байланыс министрлігі бұған қоса YouTube пен Twitter-ге де тыйым салған.
Ирак БАҚ-ы тек әлеуметтік желілер ғана жабылып қоймай, кей аудандарда интернет те істен шыққанын жазады. Желіден Диял, Анбар, Бабиль және Эль-Мусайиб провинциялары тыс қалған.
Елдегі интернет-порталдардың ақпаратына сүйенсек, интернетке салынған кей видеолар Ирак әскерилеріне кері моральдық әсер береді-міс.