00:36, 06 Қаңтар 2020 | GMT +5
Ирак депутаттары елден шетелдік әскерилерді шығару туралы қарар қабылдады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ирак парламенті ел үкіметінен АҚШ және басқа да шетелдік әскерлерді ел аумағынан шығаруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ирак үкіметі кез келген шетелдік әскерлердің Ирак жерін, әуе және су жолдарын пайдалануына тыйым енгізуге күш салуы керек» , - делінген жексенбі күні қабылданған құжатта.
Парламенттік резолюция үкімет үшін заң сияқты міндетті болып саналмайды. Алайда бұған дейін Ирак премьер-министрі Адель Абдул Махди депутаттарды шетелдік әскерилердің қатысуымен жасалатын әрекеттерді мейілінше жылдамдатуға шақырған еді.
Парламентте дауыс беру АҚШ-тың әуе соққысы жасалғаннан кейін болды.