Ирак халық санағынан бас тартты

АСТАНА.  Тамыздың 17-сі.  ҚазАқпарат -   Иракта   ағымдағы жылы   қазанның 24-інде  өтетін       халық  санағы   кейінге   ысырылып отыр, 

Ирак  халық санағынан  бас тартты

 деп   мәлімдеді ел   өкіметі.

 Бұл шешім  Ирактың саяси күштерімен болған  консультациядан кейін қабылданып  отыр.   Санақты кейінге қалдырудың себебі -    2010   жылдың  қаңтарында   жоспарланған     парламенттік    сайлаудың қарсаңында    қоғамда  қақтығыс  туғызбау ниетінен  туындап  отыр,  делінген үкімет коммюникесінде.

 Бірқатар   ирак саясаткерлері ел басшылығын    халық  санағын өткізуден бас тартуға шақырғаны  бұдан бұрын   хабарланған болатын.