09:27, 06 Қараша 2017 | GMT +5
Ирак өкілі «Әлем аруына» 45 жылдан кейін қатыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак өкілі 45 жылдан кейін алғаш рет «Әлем аруы» байқауына қатысады, деп хабарлайды SHAFAQ News.
26 қарашада Лас-Вегаста өтетін байқауға Ирактан 27 жастағы ару Сара Айдан барады.
Ол Бағдаттағы арулар байқауында екінші орынды иемденген болатын. Байқау жеңімпазы отбасылы келіншек болғандықтан, АҚШ-тағы әлемдік байқауға қатысу құқығы Айданға берілді.
O quadro está quase fechado: #MissUniverso2017 #SarahIdan #MissIraque #CandidatasNacionais … https://t.co/zEJnc8Eokv pic.twitter.com/8zqaDDkZQc
— João Eduardo Lima (@tvenanalise) 4 ноября 2017 г.