Ирак парламенті сайлау туралы жаңа заңды бірауыздан қабылдады

АСТАНА.  Желтоқсанның   7-сі.  ҚазАқпарат -  Ирак  парламенті   елдің  жаңа сайлау  заңнамасын қабылдау  үшін  төтенше сессияда   «бірауыздан дерлік»   дауыс берді, 
None
None

деп хабарлады дүйсенбі күні Франс Пресс  агенттігі       ел парламентінің спикері Ияд ас-Самарраидің  мәлімдемесіне сілтеме  жасап.

Парламентшілердің  дауыс беруі    жексенбі күні  түнде   аяқталды.

Рейтер     агенттігінің     ақпаратына сәйкес,    Ирак вице-президенті Тарик әл-Хашеми,  парламенттің  шешімін   құрметтейтінін     және  жаңа заңның   парламентте   шетелде тұратын  ирактықтарға  орын беруге  қатысты     тарауына   ағымдағы жылы қарашаның 18-інде салған    «ветоны алып тастауға»  келісетінін мәлім етіп  отыр.

Жаңа  сайлау  заңнамасы   бойынша    Ирак  парламентіндегі   депутаттық орындар  275-тен  325-ке  арттырылады,    оның 310 орны  - Ирактың 18 провинциясының өкілдеріне  берілсе,  тағы 15   орын -  дін өкілдері мен аз ұлттардың өкілдеріне  берілмек.

Ирак  парламенті   жалпыхалықтық сайлау туралы  жаңа заңды   қарашаның 8-інде қабылдады.    Сайлау      келесі  жылы қаңтардың 18-і мен 23-і аралығында өтеді  деп  жоспарланған еді.  Әл-Хашеми   мемлекет басшысы мен оның екі  орынбасарынан тұратын  Президенттік  кеңестің  құрамына кіреді.   Олардың  барлығы   заңнамалық вето құқығына ие.   Әл-Хашеми  заңда  шетелдерде тұратын  ирактықтар үшін    парламенттегі  орынды 5 пайыздан  15 пайызға    жеткізуге     талпынған   болатын. 

Ирактан  тыс  жерлерде  4 миллионға жуық  ел  азаматы  тұрады.  Олардың  көбісі,  Әл-Хашеми сияқты - сүнниттер,  кезінде  шиит-сүннит  соғыстары кезінде   елден   қашуға мәжбүр болғандар.  Әл-Хашеми    сайлау  заңына вето салғаннан кейін,  Ирактың  Тәуелсіз  жоғарғы   сайлау комиссиясы   2010 жылдың  қаңтар  айының соңына  белгіленген    парламенттік сайлауға әзірлікті  тоқтатып еді.

Ал бұл  жайт өз  кезегінде  елдегі  жағдайды ушықтырып,  сондай-ақ  АҚШ-тың   2010   жылдың    жазына қарай Ирактағы  әскери операцияларын тоқтатып,  2011 жылдың соңына  дейін    әскерін ел аумағынан   толық  әкету жоспарына   кедергі  болғалы  отыр  еді.

Соңғы жаңалықтар