09:35, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Ирак пен Сириядағы қазақстандық және ресейлік балалар Грозныйға жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак пен Сирияға бұрын кеткен сегіз бала мен төрт әйел Ресейге қайтып оралды. Ресейлік және қазақстандық азаматтарды әкелген ұшақ жұма күні Грозныйға қонды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Бортта 12 адам болды. Олардың арасында орыстар, татарлар, башқұрттар, шешендер және қазақтар бар», - деді Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан басшысының өкілі Зияд Сабсаби.
Сондай-ақ, ол үш ұлы бар шешен азаматшасы, Тверь тұрғыны ұлымен және түмендік жас әйел ұлымен келгенін мәлімдеді. Бортта Қазақстан азаматшасы үш ұлымен болған. Рсеейлік азаматтардың отанына қайту шығындарын Ахмат-Хаджи Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қоры өз мойнына алған.