09:27, 01 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ирак премьер-министрі АҚШ әскерлерінің елден шыққан күнін ұлттық мереке деп жариялады
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики 2011 жылғы 31 желтосанды Иракта ұлттық мереке деп жариялады Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
«Бұл Ирак және барлық ирактықтар күні», - деп хабарлады Н. әл-Малики Бағдадта спорт кешенінде өткен салтанатта. - «Бұл күні біздің елімізде жаңа таң атты және еліміз бостандық алды».
2011 жылғы 31 желтоқсанда АҚШ әскерлерінің Ирак аумағында болу мерзімін белгілеген 2008 жылғы келісімнің күші аяқталды. Соңғы американдық солдат Ирактан өткен жылғы 18 желтоқсанда кетті.
«Бұл бір партияның ғана емес, бүкіл ирак халқының жеңісі», деді премьер-министр.
АҚШ әскерлері Иракқа 2003 жылы 20 наурызда «Ирак бостандығы» операциясы ауқымында кірді және ел аумағында 8 жыл болды. Осы кезеңде Иракта 4,5 мың амеикандық әскерилер және 100 мыңға жуық жергілікті тұрғындар қаза болды.