02:25, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Ирак премьері Мосулдың ДАИШ тобынан азат етілгенін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади елдің екінші үлкен қаласы Мосулды ДАИШ экстремистік тобынан азат еткендігін хабарлады, деп жазады ТАСС.

«Ирак ұлы жеңіске жетті, бұл жолда көптеген адамдар жанын беріп, жарақат алды», - деді Ирак премьері Батыс Мосулдағы Ирак армиясының штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде.
Айта кетейік, Үкімет әскері АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің қолдауымен Мосул қаласын ДАИШ ("Ислам мемлекеті") экстремистік тобынан азат ету операциясын өткен жылғы қазанда бастаған. Алдымен Мосулдың шығыс бөлігін алған Ирак әскері қаланың батыс бөлігіне бекінген жихадшыларға қарсы бірнеше ай бойы қиын-кескі шайқас жүргізген. Нәтижесінде Мосулдың тарихи бөлігі де ДАИШ содырларынан азат етілген.