Ирак президенті М.Ахмадинежадты Ирандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
БАҒДАД. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - Ирак Президенті Жалял Талабани Махмұд Ахмадинежадты Ирандағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Ресми хабарламада мәлім етілгендей, Ж.Талабани екінші президенттік мерзімге сайланып отырған Иран басшысына жолдаған құттықтауында «оған халықтың сенімін ақтау туралы» тілек білдірді және өз тарапынан қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 12-сінде Иранда өткен президенттік сайлауда елдің қазіргі басшысы айқын басымдықпен жеңіске жетті. М.Ахмадинежадтың негізгі қарсыласы ? реформашыл-оппозиционер Мусауи дауыс берудің нәтижесі қолдан жасалып отыр, деп мәлімдеме жасауда. Оның жақтаушылары көшеге шығып, әділдікті талап етуде. Маусымның 13-інде Тегранда наразылық білдірушілердің полициямен қақтығыстары тіркеліп, маусымның 13-інен 14-іне қараған түні ондаған оппозиция өкілі қамауға алынды.