Ирак соты ИМ басшысы әл-Бағдадидің жесірін өлім жазасына кесті
АСТАНА. KAZINFORM – Ирак соты Ислам мемлекеті жиһадшылар тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің жесірі Умм Худайфаны өлім жазасына кесті, деп хабарлайды ВВС.

Сот материалдарында оның есімі Асма Мохаммед делінген, бірақ Умм Худайфа есімімен танымал.
Ол 2018 жылы Түркияда қамауға алынды, онда ол басқа біреудің есімін алып жүрген. 2024 жылдың ақпанында ол Иракқа экстрадицияланды, онда оған қатысты лаңкестікке қатысты қылмыстар бойынша тергеу басталды.
Бағдад қылмыстық соты оны экстремистік ұйымға көмектескені және езид әйелдерін тұтқында ұстағаны үшін кінәлі деп тапты. Сотталушының адвокаты Умм Хадайфенің өлім жазасына кесілгені туралы әлі түсініктеме берген жоқ және қорғаушының шағымдану мүмкіндігі бар-жоғы белгісіз.
Умм Худайфаның Ирак түрмесінде отырып ВВС-ге берген эксклюзивті сұхбатында ол күйеуі 2014 жылдың жазында үйіне тоғыз езид қыздары мен әйелдерін әкелгенін мойындады, бірақ оның айтуынша, ол күйеуінің іс-әрекетіне ешқандай әсер ете алған жоқ.
ИМ қатыгездігі салдарынан Иракта исламшылар қолынан мыңдаған этникалық езидтер, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты.
Алайда, ВВС тыйым салынған топ құлдығынан аман қалған бірнеше құрбанды таба алды, олар Умм Худайфа езид әйелдердің құлдыққа түсуіне тікелей қатысы бар деп санайды.
«Ол бәріне жауапты болды. Өзіне, күйеуіне кім қызмет ететінін таңдап отырды. Ол — қылмыскер Әбу Бәкір әл-Бағдадидің әйелі және ол өзі сияқты қылмыскер», — деді ИМ жетекшісі үйіне әкелген құлдардың бірінің әпкесі ВВС-ге.
Соңғы жылдары Ирак соттары «лаңкестік ұйымға мүше болғаны» үшін сотталған ерлер мен әйелдерге жүздеген өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімдерін шығарды.