Ирак Түркияға мұнай тасымалдайтын құбыр тартуды бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай құбыры Ирактың Киркур қаласынан Түркияның Джейхан портына мұнай жеткізетін болады, деп хабарлайды «Анадолы» агенттігі Ирак Мұнай министрлігінің баспасөз хатшысы Асим Джихадқа сілтеме жасап.
Мұнай министрі Джаббар әл-Луәйби Беджи ауданынан шекаралық аумақта орналасқан Фишабурға дейін созылып жататын мұнай құбырын жатқызуға тапсырма берді. Жаңа құбыр лаңкестердің шабуылынан жарамсыз болып қалған құбырға балама ретінде салынады.
Құбыр құрылысымен айналысатын компания өкілдері жуырда министрлікке шақырылады.