Иракқа бет алған жолаушылар ұшағы аптап ыстықтан бағытын өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурттан Ирактың Эрбиль қаласына бет алған Lufthansa әуе компаниясының Airbus A320 жолаушылар ұшағы қонуы тиіс аймақта ауа райының шектен тыс ыстық болуына байланысты ұшуды тоқтатуға мәжбүр болды, деп жазады Hessenschau.

Иракқа бет алған жолаушылар ұшағы аптап ыстықтан бағытын өзгертті

Осы оқиғаға қатысты таратылған мәліметтерде ұшақ салонында 118 жолаушының болғандығы айтылады.

«Российская газета» басылымының жазуынша, ұшақ Анкара әуежайында қонған.

Сондай-ақ Эрбильдегі әуежайда ауа температурасы ұшақ келген уақытта 45°С-ден жоғары болуы мүмкіндігі айтылған.