Иракта 11 министрлік қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың премьер-министрі Хейдар аль-Абади ірі мемлекеттік лауазымдарды қысқарту және біршама министрліктерді біріктіру туралы жарлық шығарды. Бұл туралы Министрлер кеңесі (Үкімет) төрағасының баспасөз қызметіне сілтемемен шетелдік БАҚ хабарлады.

Иракта 11 министрлік қысқартылды

«Жалпыұлттық мүддеге сай, Ирак конституциясының 78-бабына сәйкес және елдің Өкілдер кеңесінің (парламент) қолдауымен елдегі министрліктер санын 33-тен 22-ге қысқарту туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Осылайша әл-Абади бір апта бұрын өзі ұсынған және оны үкімет пен парламент қолдаған реформалар тобының бір бөлігін жүзеге асыруды бастады. Оның ішіндегі ең маңыздылары вице-президент және премьер-министр орынбасарлары лауазымдарын жою болып табылады.