Иракта «Әл-Кайеда» жетекшілерінің бірі ұсталды

БАҒДАД. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Иракта «Әл-Кайеданың» жергілікті бөлімшесінің 11 белсендісі ұсталды.
None
None
Олардың ішінде лаңкестер желісінің «мұнай министрі» де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Әли Махмұд Мұхаммед пен оның сыбайластары Бағдадтың шығысындағы Дияла провинциясындағы ауылдардың бірінде тұтқындалғаны хабарлануда. Операцияның мән-жайы туралы әзірге ешнәрсе айтылмайды, дегенмен Бағдадтағы дерек көздердің хабарлауынша, бұл операцияны Ирактың қауіпсіздік күштері жүргізген. «Мұнай министрі» атанған Әли Махмұд Мұхаммед бензин тиелген автокөліктерге шабуылдарды жоспарлаумен айналысқан. Соңғы 10 күнде Ирактың қауіпсіздік күштері өздерін «Әл-Кайеда» үкіметі деп жариялаған лаңкестік желінің бірнеше министрін қолға түсірді. Атап айтқанда, ақпанның 21-інде «Әл-Кайеданың» «қаржы министрі» мен «ирригация министрі» тұтылған болатын.
Соңғы жаңалықтар