Иракта әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак әскерінің Ми-17 тікұшағы ел астанасы Бағдадтан оңтүстікке қарай жерде апатқа ұшырады, деп хабарлады AFP.

Иракта  әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза тапты

Ирак қарулы күштерінің өкілі Яхья Расул хабарлағандай, бортта болған тоғыз адам қаза тапты.

Оның мәліметінше, тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болған, деп хабарлады Росбалт.