Иракта болған лаңкестік акт 50 адамның өмірін қиды, 150-і жарақаттанды

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Бағдад және Ирактың басқа қалаларында болған бірнеше жарылыстың салдарынан 50 адам ажал құшып, 150-і жарақаттанды, деп хабарлады Reuters жергілікті құқық қорғау органдары мен дәрігерлерге сілтеме жасай отырып.

Иракта болған лаңкестік акт 50 адамның өмірін қиды, 150-і жарақаттанды

Махмудия қаласында болған жарылыс кезінде кем дегенде 10 адам бақилық болды.

Тағы бір лаңкестік акті Маденнің базарында орын алды, соның салдарынан кем дегенде 5 адам көз жұмып, 14-і жарақат алды.

Соңғы жарылғыш зат шиіттер үшін киелі саналатын Наджаф қаласында іске қосылды. Лаңкестер бомбаны көліктің ішіне салып қойған, болған жарылыста 4 адам мерт болып, 28-і жарақаттанды.

«Әль-Кайеда»Лаңкестік  ұйымы соттар мен тергеушілердің көзін жою мақсатында әлі де бірнеше жарылыс ұйымдастырылатыны жайлы хабарлады.