Иракта болған жарылыс салдарынан 80 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта Ораза айтын тойлау рәсімінің соңында жарылыс болып, салдарынан 80 адам қаза тапты.
Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап Газета.Ru хабарлады.
Бомба салынған көлік Бағдадтан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым қашықтықта орналасқан Хан Бани Саад қаласындағы базарда жарылды.
Жарылыс салдарынан 50-ден аса адам жарақат алды. Хабарлағандай, қаза тапқандар мен жарақат алғандар Ораза айтын тойлап жүрген мұсылмандар.
Бұған дейін 21 адам көз жұмды деп хабарланған болатын.