Иракта ИМ лаңкестік әрекетінің саларынан 40-тан астам адам қаза тапты
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дүйенбіде Ирактың Бағдад және Эль-Микдадия қалаларында төрт бомба жарылып, 41 адамның өмірін жалмады. Террорлық актіні «Ислам мемлекеті» радикалдық-экстремистік ұйымы мойындарына алды.
Жанкешті лаңкес Ирак астанасының ірі сауда орталығында өз-өзін жарып жіберді. Салдарынан 18 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды. Кейіннен Эль-Микдадия қаласының шығыс бөлігінде екі бомба жарылып, 23 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды. Жеті адамның өліміне себеп болған Бағдадтың оңтүстік-шығысында тағы бір жарылыс орын алды.
Ирактың солтүстігі мен батысын бақылайтын ИМ Эль-Микдадиядағы, Бағдад сауда орталығындағы лаңкестік үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды. Радикалдар мұны мұсылман шейіттерді кемсітетін терминді пайдаланғандарға бағытталғанын нақтылады.