Иракта «Ислам мемлекетінің» басшылығындағы «№2» адам өлтірілді
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» көшбасшыларының бірі Хаджи Мутазз жұма күні АҚШ-тың әскери әуе күштерінің соққысы кезінде өлтірілді.
Фадхил Ахмад Әл-Хаяли, сондай-ақ Хаджи Мутазз есімімен белгілі болған содырлар басшысы Ирактың Мосула қаласының маңында өз автомобилімен жүріп келе жатқан кезде өлді. Мутазбен бірге тағы бір жоғары өкілетті содыр - Әбу Абдолла да мерт болды, делінген «Ақ үйдің» мәлімдемесінде.
«Әл-Хаяли «ИМ»-нің қаржы, медиа, логистика істеріне жауап берген», - деді АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс.
Ақ үй өкілінің айтуынша, өлтірілген содыр ұйым иерархиясын басқарған Әбу Әл-Бағдадидің өлімімен кейін онда «№2» болған. Ирак және Сирияның арасында қару, жарылғыш заттар, көлік құралдары және адамдар тасымалының басты үйлестірушісі қызметін атқарған.