Иракта лаңкестік салдарынан 25 адам қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Бағдадтың маңында болған кезекті лаңкестік әрекеттің салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты. «Әл-Арабия» телеарнасы Ирактың күш-қуат құрылымдарына сілтеме жасап осындай мәліметтер келтірді.
Негізінен шииттер тұратын Махавил қалашығының базарында екі бомба жарылып, 12 азамат құрбан болды, 150 адам жарақат алды.
Тағы бір шабуыл Мусаибе қаласында жасалған. Оның салдарынан 11 адам қаза болып, тағы 140 адам жарақат алған.
Оған қоса, провинцияның әкімшілік орталығында мина қойылған көлік жарылып, екі адам құрбан болған, 65 адам жараланған.