Иракта мұнайды Royal Dutch Shell компаниясы өндіретін болады

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Royal Dutch Shell компаниясы Ирактағы Майнун ірі мұнай кен орнын игеру құқығына ие болды,

Иракта мұнайды Royal Dutch Shell компаниясы өндіретін болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.

Shell компаниясының ұсынысы француздық Total және қытайлық CNPC компанияларына қарағанда тартымды болып шықты.

Сарапшылардың пікірінше, Ирак әлемде мұнай қорының көлемі бойынша Сауд Арабиясы мен Ираннан кейін үшінші орынды иеленеді.