Иракта парламенттік сайлау қаңтар айының 21-іне ауыстырылуы мүмкін - Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА.  Қарашаның  10-ы.  ҚазАқпарат - Иракта  парламенттік  сайлау   2010 жылдың  қаңтар  айының 21-іне  ауыстырылуы   мүмкін.   Дауыс беруді   қаңтардың 16-сынан   21-іне  ауыстыру   туралы    өтініш   президенттік  кеңестің     бекітуіне   жөнелтілді, 

Иракта парламенттік  сайлау  қаңтар  айының 21-іне   ауыстырылуы  мүмкін  - Орталық сайлау комиссиясы

деп   хабарлады  дүйсенбі күні Ирактың   Орталық сайлау комиссиясының басшысы Фарадж әл-Хайдари.

Бұған дейін Фарадж әл-Хайдари,     сайлау комиссиясының      қаңтардың 16-сына  жоспарланған парламенттік  сайлауға   дайындалып үлгермейтінін   мәлім еткен  болатын.  «Сайлауды  халықаралық стандарттарға сай  өткізу  үшін,   бізге  қосымша уақыт  керек»,  деп   атап көрсеткен әл- Хайдари, берілген  2 ай    мерзімнің  бүкіл ел бойынша  50 мың  дауыс  беру   қосынын   ұйымдастыруға   жетпей  қалуы  ықтимал  екенін   айтып  отыр.

Бірнеше    талпыныстан кейін өткен   жексенбі күні Ирак   парламенті  сайлау  туралы жаңа  заң  қабылдаған болатын.  Елдегі    жағдайдың  тұрақтануына   және шетелдік әскерлердің  елден  шығарылу кестесіне    қатысты    осы  заңның кешіктіріліп   қабылдануы     парламенттік сайлаудың     мерзімін ауыстыруға  себеп болып отыр.