Иракта содырлар 160 тұтқынды қырып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ирак пен Леванта ислам мемлекеті» тобының содырлары елдің солтүстігіндегі Тикрит қаласында төрт күн ішінде 160 тұтқынды жер құштырды, деп хабарлайды РБК. Бұл туралы Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымында жарияланған баяндамадасында хабарланды.

Иракта содырлар 160 тұтқынды қырып салды

Спутниктен алған деректерді талдай отырып, құқық қорғаушылар мынадай тұжырымға келді, екі ирак қаласында кепілдегі адамдарды жаппай қыру орын алды. Хабарламада айтылғандай, құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған орай толық тергеу жүргізу қазіргі уақытта мүмкін болмай отыр.

Исламдықтар Тикритте Ирактың 1700 әскерін өлтіргенін мәлімдеді, содан кейін құрбандарды суретке түсіріп жұртшылыққа таратып жіберген. Оның растығын әскер өкілі генерал-майор Қасым аль-Муссави растады.

«Ирак, Леванта ислам мемлекеті» радикалдық тобының содырлары елдің солтүстік батысындағы аумақты белсенді басып алуда және елдің астанасын бетке алған. Исламшшылар бақылауына бірнеше қалалар кірді, оның ішінде Тикрит пен Москул бар.