Иракта содырлар бір шиіт отбасының 18 мүшесін атып тастады

АСТАНА. Иракта белгісіз содырлар бір шиіт отбасының 18 мүшесін атып тастады, деп хабарлайды Euronews.

Иракта содырлар бір шиіт отбасының 18 мүшесін атып тастады

Жергілікті полицияның хабарлауына қарағанда, қарулы содырлар Бағдадтан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Латифия қаласында орналасқан көрші тұрған екі үйге баса-көктеп кірген. Олар ұйықтап жатқан адамдарды атып тастаған, сосын ғимаратты жарып жіберген. Қаза тапқандар арасында бес әйел және алты бала бар.

Бұдан бұрын Бағдадтың шиіттер тұратын орамында мина қойылған 11 автокөлік жарылып кеткен болатын. Шамамен 40 адам қаза тапқан, 100-ге жуық адам жарақаттанған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, Иракта 2013 жылдың тамыз айында болған лаңкестікте барлығы 800-ден астам адам құрбан болған.