Иракта сүннит мешітіне шабуыл кезінде 65 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың шығысында сүннит мешітіне шабуыл кезінде 65-тен астам адам қаза тапты. Қаруланған адамдар дәстүрлі жұма намазы уақытында ғимаратқа баса-көктеп кірген, деп хабарлады Би-би-си.

Иракта сүннит мешітіне шабуыл кезінде 65 адам қаза тапты

Сүннит көшбасшылары болған оқиғаға шейіт содырларын айыптады, олар жергілікті әскери командирдің қарауылшы жасағына шабуыл жасағаны үшін өш алуы мүмкін. Мешітке шабуыл жасалғаннан кейін екі сүнниттік парламенттік блок жаңа - барынша өкілді - үкімет қалыптастыру жөніндегі келіссөзге қатысуды уақытша тоқтатты. Ирактың жаңа премьер-министрі Хайдер Аль-Абади «Ислам мемлекетінің» содырларымен күресте елді біріктіру үшін сүнниттер мен курдтардың қолдауына жүгінгісі келеді.