Иракта ұшақ апатынан New York Times-тың журналисі жапа шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак қарулы күштерінің езидтерге гуманитарлық көмек жеткізіп және босқындарды құтқарып жүрген тікұшағы елдің солтүстігінде апатқа ұшырады, деп жазады РБК.
Оқиға салдарынан ұшқыш қаза тауып, ұшақта болған бірнеше адам жарақат алды. Олардың ішінде парламент мүшесі, езид қауымының өкілі Виан Дахил, сондай-ақ The New York Times-тың журналисі Алиса Рубин бар. Жапа шегушілердің миы шайқалып, қолдары сынған.