Иракта жарылыс болды, құрбан болғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтың Садри-сити шиіт ауданында шабуыл салдарынан кемінде алты адам мерт болды, деп хабарлады Би-би-си.

Иракта жарылыс болды, құрбан болғандар бар

Жарылыс сейсенбі күні кеште болды, 10-нан астам адам жараланды. Бұдан бұрын Бағдадтан 60 шақырым жердегі Бакуба тұрғындары қалаға «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» тобының содырлары кіргенін хабарлаған болатын.

Сейсенбі күні таңертең Ирактан үкіметтік әскерлер елдің солтүстігіндегі Таль-Афар қаласы маңында содырлармен ұрысқа кіргені туралы хабар келді.

АҚШ өзінің дипломатиялық корпусын ішінара көшіргеннен кейін Иракка 275 әскерилерін жіберді.

Парсы шығанағына американдық авианосец және екі әскери кеме топтастырылды. Алайда, Ақ үй өкілдерінің айтуынша, АҚШ-тың жерүсті әскерлері Иракқа кіргізілмейді.