Иракта жарылыс салдарынан алты адам мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - Багдадтың оңтүстігіндегі 30 шақырымдық қашықтықта орналасқан елді мекенде ішіне жарылғыш заттар толтырылған автомобилдің жарылуы салдарынан алты адам опат болды,
олардың екеуі полицейлер, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Бағдадта тағы бір жарылыс болып, полиция офицері ауыр жарақат алды.