Иракта жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты

БАҒДАД. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Ирактың батысында Рамади қаласында үш адам, оның ішінде екі полиция қызметкері мина қойылған машинаның жарылысы салдарынан қаза тапты,

Иракта жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс Анбар уәләяты әкімшілігінің үйі маңында орын алған.

Өткен аптада алты адам Рамадида мешіттің маңында жанкешті жарған жарылыстың құрбаны болған еді.