Иракта жерлеу рәсімі кезіндегі лаңкестік әрекеттен 14 адам мерт болды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Иракта жерлеу рәсімі барысындағы лаңкестік салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, тағы 25-і жарақаттанды. Шетелдік БАҚ ақпаратына қарағанда, бұл жайында полиция өкілдері хабарлаған.

Иракта жерлеу рәсімі кезіндегі лаңкестік әрекеттен 14 адам мерт болды

Лаңкестік әрекет Бағдаттың солтүстік-шығысынан 60 шақырым жердегі Бакуба өлкесінің Шатиб елді мекенінде орын алған. Полиция мәліметтеріне қарағанда, жерлеу рәсіміне арналған шатр ішінде 3 бомба жарылған.