Иракта жүк көліктерінің 14 жүргізушісі өлтірілді
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Иракта жолдағы жүк көліктері легіне қарулы шабуыл нәтижесінде 14 адам өлтірілді,
деп хабарлайды ВВС.
Бағдаттың солтүстігінде 160 шақырым жердегі Сүлейман-Пек елді мекенінің ауданында қаруланған адамдар құжат тексереміз деген желеумен автоцистерна көліктерінің тізбегін тоқтатады. Осыдан кейін жүргізушілерді машиналарынан шығарып, атып тастаған.