Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ирактағы соғыс зардабын бейбіт тұрғындар тартып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Мосул қаласындағы соғыстан зардап шеккендердің дені бейбіт тұрғындар. Биыл мұнда 683 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен, деп жазады «Хабар 24».

Ирактағы соғыс зардабын бейбіт тұрғындар тартып жатыр

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ирак әскері тұрғындарды арашалап әлек. Осы мақсатта аудандарға соққы жасамайды және жазықсыз жандардың соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығуы үшін арнайы дәліздер салып жүр.

Бейбіт тұрғындардың қаза табуына «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» кінәлі. Олар адамдарды тірі қалқан ретінде пайдаланады. Айта кетейік, Мосул қаласын екі жылдан бері содырлар басқарып келеді. Бүгінде шаһарды азат ету үшін лаңкестерге қарсы ауқымды операция басталған.