Ирактағы жарылыстан 20 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланды
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Иракта болған бірнеше жарылыстың салдарынан 20 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақаттанды,
бұл туралы бүгін жергілікті құқық қорғау органдарының билік өкілдері хабарлады. Олар бұл терактіні соңғы аптаның ішіндегі ең ірісі, деп жазды Утро. ру.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ирактың бірнеше қалаларында жарылыстар болды. Жарылғыш заттардың бірі Махмудия қаласында жолдың шетінде тұрған көліктің ішінде іске қосылды. Оқиға орнына дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері келген сәтте тағы бір жарылыс болды. Осыдан кейін лаңкестер полиция учаскесін жарып жіберді. Айта кетейік, Багдадтың оңтүстік-шығысына жақын орналасқан Мадаен қаласында тағы да бір лаңкестік әрекет орын алды.