Ирактағы жарылыстардың салдарынан кем дегенде 20 адамның өмірі қиылды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Таңертең Бағдадтағы жарылыстардың салдарынан кем дегенде 20 адам опат болып, ондаған адам жарақат алды.
Шамамен бір мезетте базарлар мен қаланың көшелерінде бес жарылғыш құрылғы іске қосылған.
ВВС-дің жазуынша, сәуірден бері Иракта азаматтарға қатысты осы тектес шабуылдар артып отыр.
БҰҰ мәліметі бойынша соңғы жеті айда 5,5 мыңнан астам адам жарылыстардың құрбандары болды.